12.11.2022
  153


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Бесік жыры

Айналайын немерем,
Қылықты едің не деген?!
Сенің туған күніңді,
Ырзалайын неменен.
Әр қылығың таң қылып,
Жүр әжеңді мәз қылып.
Сенің туған күніңе,
Ән сыйлайын мәңгілік.
Еш ауруға көнбейін,
Ержеткенше сен кейін.
Сөйле, қарғам, былдырлап,
Ана тілін жөндейін.
Кет дегенді «тет» дейсің,
Желкілдеген көктейсің.
Туған күнің жалғасып,
Бақытты боп өскейсің.
Көз алдымда түрады,
Сен көрсеткен қылықтар.
Кім болсаң да, шырағым,
Ана тілін ұмытпа.





Пікір жазу