12.11.2022
  972


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Кешірші, мама

Сағындым, ма-мау, сағындым,
Ойласам істен жаңылдым.
Өмірге жарық әкелген,
Сүтіңе аппақ табындым.
Сағындым, ма-мау, сағындым,
Сағынған екем сағынған,
Шықпадың ма-мау, жадымнан.
Сағыныш кернеп кеудемді,
Қайысып кетті-ау қабырғам.
Сағынған екем сағынған,
Жанарың толып сағымға.
Қуатың қайтқан шағыңда.
Кешірші, ма-мау, кешірші,
Табылмай қалсам жаныңнан,
Кешірші, ма-мау, кешірші.





Пікір жазу