12.11.2022
  95


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Пақыршылық қас-қағым

Қалай жүрмек налымай,
ІІІашылған соң тарыдай.
Зейнеткерлер ел ауған,
Ілтипатқа жарымай.
Тағдыр қайда бастадың,
Төменшіктеп асқағың.
Еленуден қалды ғой,
Пақыршылық қас-қағым.
Туған жердің төсінде,
Жүрген алғы көшінде.
Зейнеткерден құдай-ау
Ала алмаған өшің бе?
Санада жоқ, санда жоқ,
Көңіл күйі қапада.
Қақпақылдау адамды,
Әділдікке жата ма?





Пікір жазу