09.11.2022
  203


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Паспорт

Ұлдар, қыздар паспорт тисе қолыңа,
Қосылдым де Азаматтың тобына.
Қайда жүрсең, қайда тұрсаң сол паспорт.
Ғұмырыңа серік болар жолыңа.
Паспорт сенің, азаматтық мандатың,
Сендер енді Ұлы Отанның солдаты.
Сендер енді жалғайтұғын өмірді,
Сендер енді кәрілердің жалғасы.
Паспорт сенің, документің мақтаның,
Ұлы Отанның сенімін сен ақтадың.
Бұдан былай Азаматсың сен енді,
Ұлы өмірге араласа бастағың!
Айырбастап ала алмайсың басқаға,
Айырбастап сата алмайсың ақшаға.
Паспорт сенсің - паспорт сенің серігің,
Қайда жүрсең паспортыңды тастама!





Пікір жазу