Кім жалғар!
Тері илеп, етік тігіп, қайыс тіліп,
Ағаштан түйін түйген майыстырып.
Бір адам өтті бір кез дүниеден,
Жүр ғой сол қабырғамды қайыстырып.
Тілеков Жуынбайды естідің бе?
Күй тартып, отыратын пеш түбінде.
Кететін талай адам қона жатып,
Күйлерін Жуекемнің естиін деп.
Тілеков Жуынбайды естідің бе?
Ер жасап отыратын пеш түбінде.
Атадан өсіп өнген ұл- қыздары,
Сіздерге қарай алмай кешіріммен.
Атамның шеберлігін марқаланып,
Кетсейші домбырасын арқаланып.
Ұстайтын ата өнерін ұл- қыз қайда,
Бақыт қой артында от, қалса жанып.
Алатын қолдан жасап домбырасын,
Кім жалғар сол атамның мол мұрасын.
Иіп кеп әлде қандай ағаштарды,
Домбыра шанағына қондыратын.
Қазіргі күйдің көбін тартатұғын.
Қалатын көңіл жібі тарқатылып,
Дейтүғын «Қанжылатам домбыраны»
Кімдер бар артында үміт артатұғын.
Атамнан бір мұрагер табыла ма?
Атамның шамы қайта жағыла ма?
«Шекпен қалды», «Нарату», «Кыз Ақжелең»,
Мұрагер бармағынан ағыла ма?