09.11.2022
160
Жас балаға «тілашар» ырымын жасағанда, қариялардың бірі арнайы сойылған қойдың піскен ішегін баланың мойнына орап тұрып: «сөйлейсің бе?» деп үш рет сұрайды. Баланың ата-анасы баланың орнында «сөйлеймін» деп үш рет жауап береді. Сонан соң үлкен кісілердің бірі қойдың пісірілген басын алып балаға: «тілің тез шықсын» деп тілінен, «шешен бол» деп таңдайынан, «көреген бол» деп көз етінен, «сөз тыңдайтын бол» деп ырымдап құлағынан дәм татқызады.