08.11.2022
  208


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Солдат ұлым келгенде

Сені ойлаған кездерде,
Кетуші едім елжіреп.
Бүгін аман келгенде,
Жарылсайшы бұл жүрек.
Бетіңді басшы кеудеме,
Иіскетші төбеңнен.
Еміреніп оңайын
Айналайын жан ботам-ау.
Шақтарымда сағынған,
Түнгі ұйқымнан жаңылғам.
Хат тасушы кешіксе,
Почтадан табылғам.
Сен келетін қарсаңда,
Түстік әбден сарсаңға.
Тұра-тұра жүгіріп,
Жолаушыны қарсы ала.
Сүйгіз, жаным, маңдайдан,
Алма-кезек бетіңнен.
Мауқымды бір басайын,
Айналайын, жан ботам-ау!
Сағыныштың шарабын,
Сарқып ішіп тауыстым.
Бүгін, міне, қарағым,
Аман-есен қауыштым.
Күліп түрып жыласам,
Қуанғанның салдары.
Тап бүгін жоқ арманым,
Айналайын жан ботам-ау.





Пікір жазу