08.11.2022
280
Мінез
Зеңір аспан көгімде жадыраған,
Жұлдыздары жымыңдап жамыраған.
Дүлей шабыт келгенде дауылдатып,
Саған қарап көңілге сабыр алам.
Күліп жүрем кей кезде күн секілді,
Түнеремін кей кезде түн секілді.
Табиғаттың перзенті болғасын ба,
Табиғатқа үқсамау мін секілді.
Өн бойымды ток күші жайлап алып,
Жан сауғалап болмайды қайда барып.
Жер бетіне сыймаймын осы кезде,
Қас-қағымда қонамын айға барып.
Табиғаттың перзенті болғасын ба,
Алтын да бар, бойымда қорғасын бар.
Өзімді өзім байқасам менің бар ғой,
Табиғаттың мінезі мол басымда.
Жаз, күз болам, қыс болам, көктем болам,
Шынында да табиғат неткен жомарт.
Табиғаттан мінезім айнымаған,
Нәрін жүтып сан ғасыр өткен қонақ.