08.11.2022
  149


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Тілек

Тұрып алып азанда,
Қожа болдым қазанға.
Наурыз көже пісіріп
Келіп тұрмын алаңға.
Тойға келген жараңдар,
Шыққан күнге қарандар.
Наурыз тойын көңілді,
Думан той ғып тараңдар.
От басында сән болсын,
Ортасында ән болсын.
Қыдыр ата келгенде,
Дастарханда дәм болсын.
Оңтүстіктен жел енді,
Күн менен түн теңелді.
Наурыз тойын тойлап ел,
Қуанышқа кенелді.
Жаңа жылың қүт болсын,
Әрбір затың жұп болсын?
Тілек еткен ар жанның,
Ойлағаны кұп болсын!
Ел ырзыққа толықсын,
Дастарханы молықсын.
Наурыз күні әр үйге,
Қыдыр ата жолықсын! Өрге
бассын әр ісің,
Төлге толсын өрісің.
Әр қашанда халықтан,
Қолдау тапсын жөн ісің!
Бүзылмасын қаймагың,
Тыныш болсын аймағың.
Ең бастысы, халайық,
Достық бірлік пайдалы.
Қиындықтар қыр ассын,
Тойлар тойға ұлассын.
Аспанда ән қалықтап,
Көмейлерден жыр ақсын!





Пікір жазу