08.11.2022
  96


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Ақынның жәйі осындай

Қөтерсең көңіл жиегін,
Ағытсаң сөздің тиегін.
Біреуге жайлы тигенмен,
Біреуге жайсыз тиеді.
Түсінші адам баласын,
Қозғасаң ұқпас санасын.
Басыңа пәле тіліңнен,
Ақымақ болып қаласың.
Таусылса егер шыдамы,
Өртке де қойып кетеді.
Соңынан барып ұғады,
Сыздатқан кезде кеселі.
Нысанаң тапса адамын,
Тиеді сөзің жасындай.
Куаныш, мұңын азабын,
Ақтарар ішке жасырмай.
Таныса сені айналаң,
Жайдары жүзбен күлесің.
Түсінбестер салса байбалам,
Қыйналып іштей жүресің.
Түйдектеп арман бергенше,
Түймедей шабыт бер дейсің.
Мәреге жетер сертіңді,
Орындап шықпай көнбейсің.





Пікір жазу