08.11.2022
119
Біреуге қара жақпағын
Жаны бар өлең болар ма?
Жүректен жарып шықпаса.
Жүрегім тыншу табарма,
Сөзіңді жұртың ұқпаса. Ұшырар желге сөзіңді,
Жүрегі жоқтар мықтаса.
Жалғасын әнің табарма,
Санаға жетпей ықтаса.
Жүректе жарқыл боларма,
Жаныңды әсер жылытпаса.
Ақында сабыр қаларма,
Қайтарым сөзің дәл тауып,
Қарсыласып ұтпаса.
Күйінбей жаның тұрар ма,
Жүректен шыққан өлеңің.
Кейбіреуге жақпаса,
Көрер ем өзін мен сонда.
Ұят деген бір мықты,
Өмірін шолып солардың
Өздерін бір кез соттаса.
Біреуге қара жақпағын,
Етегімнен тартпағын.
Қанатымнан атпағын,
Қомданып тұрған кезімде.
Келеді алға аттағым,
Біреуге ұзақ болғанмен.
Біреуге өмір қасқағым,
Елу жыл өмір сүргенмен.
Өлеңнің табалдырығын,
Жаңадан ғана аттадым.