07.11.2022
  205


Автор: Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік айбыным!

«16-шы желтоқсан» десек бірінші ойымызға бірден сонау 1986 жылы желтоқсан айында орын алған Желтоқсан оқиғасы келетіні анық. Өйткені осы оқиға Кеңес үкіметін ыдыратып, ондағы тәуелді елдердің өз алдына Тәуелсіздік алып жеке дара, дербес ел, мемлекет болуына бірден бір жол салды десек қате айтпағанымыз болар. Содан бері тәуелсіздікті алған қазақ елі бұл күнде бүкіл әлемге жақсы жағынан танылған азат ел болды. Қазақстанның ішкі саясаты дамып, рәміздері төрінен орын алды. Түолі, спорттан болсын, мәдениет, ән жағынан болсын қазақ елін танытып жүрген қандастарымыз баршылық. Олармен әрине мвқтанамыз. Сөзімізге дәлел ретінде айтар болсақ ең бірінші спорттан қазақ жеріне алтын сыйлап, қазақ елінен алғашқы гранприіне ие болған олимпиада чемпионы боксшы Бекзат Саттархановты айтар ем. Оның көрсеткен бвтылдығы, ар-намысы нағыз қазақтың өр мінезін айқындаған болатын... амал нешік әлі де ортамызда болғанда қазағыма талай алтынын сыйлар еді-ау... жанған жұлдыздай жарқ етті де сөніп қалды, оның жеңімпаз болуы қазақты әлемге танытып, көк байрағын желбіреткен еді, міне тәуелсіздіктің нағыз ер азаматы! Оның есімі мәңгілік жүрегімізде болары сөзсіз!
Тәуелсіздігіміздің тағы да бір жарқын жұлдызы ол — Димаш Құдайбергенов. Ол әлем халқын өзінің ғажайып дауысымен баурап алып, оларға қазақ тілін үйренуіне себеп болды. Шетелдіктердің қазақ әніне деген, қазақ тіліне деген қызығушылықтары арта түсті. Бұл да тәуелсіздігіміздің «жарқын көрінісі» деп білем. Сонымен қатар шахматтан әлем чемпионы болып жүрген, білімнен оза шауып, шетелдерде алдына жан салмайтын талантты жастарымыз, жүректері қазақ деп соғатын осындай игі жақсылар тәуелсіз еліміздің нағыз мақтанышы деп білем.
Арманы асқақ, айбынды тәуелсіз Қазақстаным! Болашағың жарқын болып, қай сала болмасын сені бар әлемге танытатын талантты жастарысыз шыға берсін, көк Байрағымыз желбіреп, абырой, беделің арта берсін! Тәуелсіздіктің ақ таңы нұрын шашып, жарқырай берсін!

«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан»  газетінің бас редакторы Жібек Искакова,  Түркістан қаласы





Пікір жазу