07.11.2022
  1524


Автор: Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздікке — 31 жыл

Биыл, яғни 2022 жылдың 16-шы желтоқсанында Қазақстанның Тәуелсіздігіне — 31 жыл толып отыр. Отыз бір жыл қарап отырсақ аз уақыт та емес, жалпы алып қарасақ көп уақытқа да жатпайды. Жаңадан туылған ұл баланы 1991 ші жылы туылған деп қарасақ биыл ол сәбидің өзі 31 жасқа толып отыр екен. Яғни Тәуелсіздіктің құрдастары тепсе темір үзетін орда бұзар жастан асып, 31 ге қадам басып отыр екен. Сондай орда бұзар шағындағы, яғни Тәуелсіздіктің 30 жылын тойлап, жаңа жылдың қаңтар айындағы қаралы күндерді өткеріп, ол күндерден де аман-есен өткен, еңсесін тіктеп, әрі қарай алға басқан бұл елім мінеки 31 жасын тойлап отыр. Ордалы жастың қиындығынан оң шешім тауып шыққан елімнің болашағы жарқын болсын деп, аспаны ашық, терезесі тең болсын деп тілеймін!
Тәуелсіздік — жаны қазақ, қаны қазақ бауырларымыздың, түрлі ұлт өкілдерінің қазақ жерінде ынтымақта, бірлікте өмір сүрулері, салт-дәстүріміздің жанданып, тереңге тамыр жаюы, өз рәміздерін аялап, ата-заң конституциясын қабылдауы, ел басшысы, яғни президенттің басқаруымен өмір сүрулері. Тәуелсіздік —еліміздің, халқымыздың жарқырап жанып тұрған бақ жұлдызы. Оның жарқырап жанып тұруын әрбіріміз қадауалауымыз парыз. Ел тынышы тәуелсіздігіміздің басты құралы деп білемін. Еліміз тыныш болса, тәуелсіздігіміз тұғырлы болады деп білем. Бір кездері бізге арман болған Тәуелсіздіктің ақ таңы биыл мінеки 31 жылға қадам басып отыр. Жаңа жасың құтты болсын Тәуелсіз елім, Қазақстаным! Абыройың асқақтап, жастан жасқа жете бер, бүкіл әлем өзіңе таң болатындай алға қадам баса бер!


«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан»  газетінің бас редакторы Жібек Искакова,  Түркістан қаласы





Пікір жазу