07.11.2022
  591


Автор: Тоқтарқанова Дана

Бабалардың жанымен келген тәуелсіздік

Бірлігі айрандай ұйып тұрған ел едік,
Алқымынан жау алмайтын бөрі едік.
Қазақтың жеріне ат сауғалаған мейманға,
Құлашын сермеп,кең жайылған төр едік.

Жоңғар келіп атой салды,бірлікті бұзып,
Соғыс кетті талайлардың демін үзіп.
Жесірін қолдап,жетімін жылатпаған қайран елім,
Дұшпанның қаhарына төтеп берді шыдап-төзіп.

300 жыл бодан болдық намысы өшкен арсыздарға,
Құл атандық,күң де болдық аты өшкір жансыздарға.
Қабанбай,Бөгенбай сынды рухы мығым батырларым,
Қарсы тұрды,билігімді бермеді бақсыздарға.

Халқымның сан қилы тағдыры елестейді көз алдыма,
Сол көрініс бабамның найзасындай батады жас жаныма.
Алайда шүкір етіп,тәубе деймін мейірі шексіз Жаратқанға,
Тәуелсіздік сыйлап, бақ қондырды алақаныма.

Абайдай алыптарды дүниеге әкелген ел,
Махамбеттің ерлігін әуеге қарай көтерген ел.
Қабанбайдай ұлдарын ұлықтаған батыр ел,
Әлия,Мәншүк қыздарын ұмытпаған батыл ел.

Желтоқсанда қанмен келген азаттығың,
Естілмесін бұдан былай азапты үнің.
Бабалардың жанымен келген Тәуелсіздік барда,
Қазағым, жойылмасын Қазақтығың!





Пікір жазу