07.11.2022
  379


Автор: Тоқтарқанова Дана

Анасыздар

Анасыздар – кең пейілді данасыздар,
Анасыздар – қорған болған панасыздар.
Анасыздар – кең дархан даласыздар,
Мыңнан бір,жүзден жүйрік дарасыздар!

Күннің нұры,ай шуағы – Ана деген,
Көсегеміз көгерер Анаменен.
Бақыты ғой,өмірі ғой Ананың,
Бар тілегі,қуанышы бала деген.

Анасыздар – Ақ Еділ Жайықсыздар,
Өте алмайды өтіңізден қайықсыздар,
Әр ошаққа сәуле төгіп тұратын,
Әрбір үйдің күні десе лайықсыздар!

Анасыздар – қырмызы гүл қызғалдақтай,
Жайсаңсыздар жүре алмас сыр ақтармай.
Жайдарлысыз – арайланып жаңа атқан ақ таңдай,
Періштедей көңіліңнің ақтығы үлпілдеген мақтадай.

Уа,жамағат қадірлеңдер Ананы,
Мына бізге қорған болар пана деп,
Жұмақтың кілті соларда екенін ұмытпай,
Құрметтей біл әр әйелді Ана деп!!!





Пікір жазу