07.11.2022
  323


Автор: Тоқтарқанова Дана

Рухымның қолдаушысы.

Қалың ойдан ба,әлде қолымдағы қаламнан ба?!
Білмедім,әйтеуір жүрегіме келді өлең.
Әдеппенен қазағыма сәлем бердім,Алты Алашым аман ба?
Талайдан бері көмейдегі жыр-жауhарын төкпем ем.

Рухымның қолдаушысы,игі істің жаршысы армысың?
Жақсылықтың нышаны болған,жаңалықтың жарнасы бармысың?
Сонау кезде «Жұмысшы» боп әр қазақты таңмен бірге оятсаң,
Бүгінгі күнде елдің жүзі,дидарына айналдың ұғамысың?!

«Коммунизмнің туын» желбіреттің көкке биік асқақтап,
«Социалистік Алтай» болдың есімі шыққан аспанға.
Мақсұт атам бастап кеткен игі іс,
Үлгі болар кейінгі ұрпақ,біз сияқты жастарға.

Шығысымның шырайын,Алашымның арайын келтірген,
Я Аллам «Дидарыма» басымды иіп,қос тіземді бүгіп ем.
Шабытымның сыңғырлаған бастауы да,бұлағы да өзің ең,
Сен дегенде рухым бірде от,бірде мұзды жамылып,
Дірілдейді кеудеден шыққан сол бір дем.

Арнап міне өз өлеңін ағынан жарылды-ау бір балаң,
Ақындардың қатарын толтырды-ау тағы бір қалам.
Сексен бестің сеңгіріне шығыпсың бүгін сүрінбей,
Әрі қарай ғасыр жаса,шежіре боп ілінгейсің төрімде!

Сексен бес жыл қызмет қылып, рухани азығыма айналдың,
Тарихыңа үңіліп,тағдырыңа көз тігіп бір бойладым.
Төленді,Мырзабек сынды ағалардың алғырлығын,
Таңданып та,толғанып та,қызығып та ойладым.

Жаза берсем тұнып шығар кеудемдегі өлеңім,
Түйіндейін өзіңе арналған жыр-өрнектің көлемін.
Айтмұхамбет атам басқарып келген «Дидарым»,
Жүз жасашы! Жайнай берші! Жайқала бер гүлденіп!





Пікір жазу