05.11.2022
  453


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Немерем нүрбергенге

Жапырағым - алаңым,
Кеудеңе от жағамын.
Бет алғанда мектепке,
Құтты болсын қадамың.
Мән бере жүр хатыма,
Бұл батам бал татыған.
Сыйға сөмке сыйлаймыз,
Атаң-әжең атынан.
Басың тұнған ес болсын,
Бойың тұнған сес болсын.
Оқығанда құлыным,
Сөмкең толған бес болсын.
Білімді ізде татымды,
Ұл болып өс ақылды.
Есіп тұрсын бойыңнан,
Парасат пен батылдық.





Пікір жазу