Шақыру билеті
Есенсізбе, дос-жаран, жақындарым,
Міне мен де елуге жақындадым.
Апрельдің сегізі туған күнім,
Бас қосалық келіңдер, шақырғаным.
Ойға түсер ондайда өткен іздер,
Өмір сүріп өттік пе текке біздер.
Бас қосуға жол түсіп келгендерің,
Бауырсақ пен шай берсем, сөкпеңіздер.
Мәселемді үлкендік қарап жатыр,
Жастығымның базары тарап жатыр.
Шашу-машу дегенге саспаңыздар,
Ақ ниетпен келсеңдер жарап жатыр.
Үлкендіктің енбекпін қақпасына,
Көше жаққа бір шығып аптасына.
Пенсияны балдарға бөліп беріп,
Кино қарап кім кепіл жатпасыма.
Ақын жаны ондайға төзер ме екен,
Үйде отырсам болмысты сезер ме екем.
Ай білмеймін, тотыдай торға түскен,
Бейғамдықтан тағы да безер ме екем.
Есенсіз бе ауданның ақындары,
Міне мен де елуга жақындадым.
Апрельдің сегізі туған күнім,
Қарсы аламын, келіңдер, шақырғаным.
Жастығымның базары тарап жатыр,
Көрпесімен үлкендік орап жатыр.
Шашу-машу дегенге саспаңыздар,
Екі-үш шумақ әндерің жарап жатыр.
Бас қосалық сол күні, келіңіздер,
Шақырғаным, дос-жаран, сеніңіздер.
Кім келеді сол күні кім келмейді,
Күні бүрын жауабын беріңіздер.
Аттағасын өмірдің босағасын,
Мың жасаған дұрысы жасағасын.
Мың жасауға қамданыс жасағанша,
Кұрығынан ажалдың тасаласын.
1998 жыл