05.11.2022
  368


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Құтты болсын қадамың

Ұлым-қызым ұланым,
Алған білім пырағың.
Білімді жан әрқашан,
Биігірек тұрады.
Оқы, ізден, ерінбе,
Құтты болсын қадамың.
Даңқың асып еліңнен,
Құлақ түрсін ғаламың.
Он-онбес жыл оқырсың,
Жылыңа жыл жалғанып.
Жасыңа жас қосылып,
Биік болсын талғамың.
Қосыл ұлан дүрмекке,
Ғалам сырын білмекке.
Ғалам сырын ұқтырған,
Ұстазыңды құрметте.
Қосыл ұлан дүрмекке,
Ғалам сырын білмекке.
Айқара ашқан есігін,
Мектебіңді құрметте.





Пікір жазу