05.11.2022
280
![](/uploads/shorttexts/author_image/dameli.png)
Қазақстан адамымын
Өмір қалай өтіп жатыр, байқамадым,
Бақытты елдің бесігінде шайқаламын.
Менің елім қазақ елі екендігін,
Бар әлемге мақтанышпен айта аламын.
Жаршысымын бейбітшілік ұранының,
Көмейімнен жыр тасқыны тұр ағылып.
Біздің елдің тілейтіні бейбітшілік,
Ұрпағына үйретері қырағылық.
Жаршысымын бейбітшілік хабарының,
Паш ететін бақытты елдің жаңалығын.
Жиырмасыншы ғасырларда өмір сүрген,
«Қазақстан» деген елдің, адамымын.