Көктем суреті
Күн күлді, ызғар кетті, көктем келді,
Күн келді, сағындырған көптен бергі.
Кемірді жал-жал қарды кеуілжірдей,
Күн туды, шуағы мол, өкпек желді.
Жылжыды жыл мезгілі жазға қарай,
Көктемнің шуағына көмілдіріп.
Кәдімгі жазға лайық сазға орай,
Сайрайды көктем кұсы төгілдіріп.
Дегендей қызықтасын барша халық,
Кұстарда өзіңе тән ән салады.
Сөгілді жердің тоңы пәршаланып,
Толтырып жылға-жылға сай саланы.
Құрсауын жер анамыз шешінгендей,
Сіңіріп көктем суын төсін керней.
Бұл шақта тіршіліктің көңіл күйі,
Көктемнің майда желі есілгендей.
Па, шіркін уақытын айт көктеменің,
Келеді көре бергің көктегенін.
Шатырдан сырғып төмен аққан суға,
Ұстап тұр бір бүлдіршін «кәтелогін».
Тіршілік көктемеден таралады,
Бәрі де жер анадан нәр алады.
Жер ана көктем келе түрленеді,
Жамылып қызыл жасыл, дала алабы.