05.11.2022
  133


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Айтарым бар

Жас жасамыс аналар, айтарым бар,
Үйге артық зат кірді, байқадыңба?
Ұлың, ие еріңнің бұл ісіне,
Күдіктеніп, басыңды шайқадың ба?
Қорыттыңба ойыңның елегінде,
«Қалай келді бұл мүлік» - демедіңбе.
Бұл біреудің көз жасы екендігін,
Ойладың ба түйілмей жегеніңде.
Қозғады деп сөкпеңдер қайдағы істі,
Қандай іспен азамат айналысты.
Сүріндіру, сүюеу де ерімізді,
Саған, маған аналар байланысты.
Оңымызға, қаралық солымызға,
Ардақты ма, азамат сорымыз ба.
Арандатып алмау да азматты,
Сіз бен біздің аналар қолымызда.





Пікір жазу