05.11.2022
151
Жүйкенің емі
Іс істеуде түрі ғой, жұмыстың бір,
Отыра қал, іс істе, бір іс тындыр.
Өзің қолдан істеп бір ісіңді,
Мұқтажыңның біреуін ығыстырдың.
Мойныңа алған ол да бір жұмыс еді,
Бітпей тұрған біраздан бір іс еді.
Уақыт бөліп сол істі тиянақтау,
Әйел үшін жүйкенің тыныс, емі.
Ұршық иір, көйлек тік, тоқы шәлі,
Отбасының орнықтыр үстемдігін.
Әйелдер қауымының осы сәні,
Жеті жұттан құтқармақ ісмерлігің.