05.11.2022
  135


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Киелі дос

Домбырам сенімен мен қоштаспаймын,
Сазыңа ән қосуды тоқтатпаймын.
Шерткенде қоңыр үнің күмбірлеген,
Өмірің олқылығын жоқтатпайды.
Жалғасып ғасырлардан ғасырларға,
Серік боп күйші, жыршы, ақындарға.
Жамаған жан-жыртығын домбырамен,
Ерте-кеш қоштасуға хақым бар ма.
Домбырам қолға алмадым көптен бері,
Өмірдің кедергі боп өткелдері.
Өзіңе, киелі дос, қол созғызды,
Тәкаппар рухымның өктем лебі.





Пікір жазу