05.11.2022
121
Өлеңті
Өлеңті Алатаудың етегінде,
Сеніменен қоштасып ем кетерімде.
Қамысың, қайраңың мен бұлағыңды,
Көзіме елестетпей өтерім бе?!
Өлеңті балалық шақ ойнаған жер,
Суында балық болып шомылған жер.
Тұрасың да қоясың көз алдым да,
Қайраңға көзіңді ашып бойлаған жер.
Көктемде кемеріңнен асып едің,
Біздерде талай қызық ашып едік.
Есімде оқу жылы таялғанда,
«Қоңырға» талай жаяу асып едім.