04.11.2022
  394


Автор: Тәуелсіздік күні

Қиындықтар болмасын!

Тәуелсіздік мәңгі боп,
Қиындықтар болмасын!
Қазақ елі азат боп,
Жаратқаным қолдасын!
Тыныш болып еліміз,
Бар жақсылық орнасын!
Тыныш болып жеріміз,
Уайым-қайғы болмасын!
Қанаттанып жастарым,
Биіктерге самғасын!
Басшылары еліме,
Бар жақсысын арнасын!
Отыз бір жыл азаттық,
Қуанышын қармасын!
Желтоқсанның ызғары,
Көңілге мұң салмасын!
Ұрпағымыз, жас өрен,
Қанаттарың талмасын!
Тәуелсіз ел ішінде,
Тәуелділік болмасын!
Ынтымақ пен сыйластық,
Таба берсін жалғасын!
Халықтардың достығы,
Ұлғайта берсін арнасын!
Тәуелсіз ел қазағым,
Көңіліңді мұң шалмасын!
Жаратқаным жар болып,
Бар жақсысын таңдасын!
Қазақ елім бар болып,
Теңдігің тапсын жалғасын!
Әумин!









Комментарии

Нурила
Нурила 06.11.2022 17:28
Бата

Пікір жазу