03.11.2022
336
Құтты болсын Тәуелсіздік күні бұл
Он алтыншы желтоқсан есік ашты,
Құтты болсын Тәуелсіздік күні бұл.
Аман болсын еліміз, тыныш болсын,
Тербеп бізді қазақтың ән-жыры бұл.
Әр мереке сыйласын қуанышын,
Тәуелсіздік мәңгілік орын алып.
Болашағың жарқын боп беу қазағым,
Өне бергін өркендеп тамыр жайып.
Бақ-береке орнасын басымызға,
Қазақ елі жанданып, жайнап тағы.
Жаратқаным жар болып біздерге тек,
Күн күлімдеп тербесін әрбір таңы.