03.11.2022
  286


Автор: Тәуелсіздік күні

Отыз бір жыл құтты боп

Отыз бір жыл құтты боп,
Тәуелсіздік тойлансын.
Жұлдыздарым жарқырап,
Әуелете ән салсын.

Тұғырлы боп азаттық,
Желбіресін көк байрақ.
Мейірімді қазағым,
Күлімдей түс, жүр жайнап.

Тәуелсіздік жанданып,
Бар жақсылық орнасын.
Жаратқаным жар болып,
Сәттілігін жалғасын.





Пікір жазу