03.11.2022
  218


Автор: Тәуелсіздік күні

Құтты болсын мерекең

Желтоқсанның ызғарына тоңбаған,
Жаса елім, жаса менің қазағым.
Отыз бір жас құтты болсын мерекең,
Тарқамасын, таусылмасын базарың.

Тәуелсіздік қанат жайып тереңге,
Өсе берші, өрлей берші қазағым.
Әр күн сайын бүкіл әлем таң қалар,
Арта берсін, жайнай берсін ажарың.

Арайлы атсын атар әрбір таңдарың,
Аман болып оу қазағым мал-жаның.
Тәуелсіздік мерекесі құтты боп,
Орындалсын мақсатың мен арманың.





Пікір жазу