03.11.2022
182
Тәуелсіздік тұғырлы боп әрқашан
Отыз бір жас құтты болсын ағайын,
Тәуелсіздік тұғырлы боп әрқашан.
Қырық, елу, алпыс жасты тойлайық,
Мерейтойлар көп боп бізде тамсанған.
Отыз бір жас қуанышпен тербесін,
Қазағымды биік шыңға жетелеп.
Ынтымақ пен бірлігіміз жарассын,
Сыйластық бар мына бізге ең керек.
Таң шуағы сыйласыншы мол бағын,
Тәуелсіздік бізге сыйлап бақытын.
Қуаныштар көбейсін қазақ жерінде,
Жаратқаным арнап бізге жақұтын.