03.11.2022
203
Отыз бір жас құтты боп
Тәуелсіздігім жасасын,
Отыз бір жас құтты боп.
Қазақ елім жасасын,
Әр күніміз күшті боп.
Арайлы таң атсын тек,
Қуанышта, шаттықта.
Қызырып күн батсын тек,
Бөлеп бізді бақытқа.
Отыз бір жас мереке,
Шаттықты етсін біздерді.
Арта берсін береке,
Жалғап жарқын іздерді.