meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.11.2022
  262


Автор: Тәуелсіздік күні

Құтты болсын тәуелсіздік күні бұл

Құтты болсын тәуелсіздік күні бұл,
Отыз бір жыл есік ашқан бұл күні.
Азаттықтың айқара ашып есігін,
Ынтымақта жарасқан ел бірлігі.

Жаса елім қазағым алға, алға,
Отыз бір жас бақытын сыйлап саған.
Тәуелсіздік ұраны қалықтасын,
Аспанымда жақсысын жинап саған.

Көңіліңіз түспесін қазақ елі,
Бейбіт күннің кешейік ең жақсысын.
Жаратқаным жар болып әрқашанда,
Бере берсін әр күннің ең тәттісін.





Пікір жазу