02.11.2022
327
Тәуелсіздік әніміз
Тәуелсіздік әніміз,
Тәуелсіздік жырымыз.
Қазақ атын танытар,
Тәуелсіздік үніміз.
Желтоқсаншы жастардың,
Үніменен келген сәт.
Бас көтеріп қазағым,
Қиындықты жеңген шақ.
Желтоқсанның ызғары,
Тәуелсіздік сыйлады.
Азаттықты айқындап,
Етек-жеңді жинады.