01.11.2022
  268


Автор: Бақытқан Бұқатқанұлы

Тұзақтағы қоян

 


 


Мойынында байланған сым тұзағы,


Бұлқынады, ақ қоян жұлқынады.


Кете алмайды босанып еркіменен,


Тыпырлайды, тыншымай қылқынады.


 


Кер даланың серісі бұла өскен,


Үркетұғын қимылдан қылаң еткен.


Ойыншығы болдың-ау балалардың,


(әлдіні әлсіз қашанда сыңар еткен).


 


Әлден соң-ақ, ақ қарға қызыл қаның,


Сіңіп кетер дірілдеп сызып тамып.


Бір тал көк шөп жұлмайтын қазекең де,


Кей кездері осылай қызық халық.


Өз тәубесін отырар бұзып, налып.


 


Тадырың тұр күзетіп қыспақтардан,


Тәлкек етсең, тарылсаң ұстап қалған.


Адамның құлқыны үшін айла тәсіл,


Жер бетінде, жасаған тыш таппаған.


Тағдырың тұр күзетіп қыспақтардан.


* * *





Пікір жазу