30.10.2022
1029
Балағаттау туралы астарлы әңгіме
Шығыста бір ғұлама өмір сүріпті. Ол өз шәкірттеріне: "Адамдар үш түрлі балағат айтуы мүмкін: біреуі сені "ақымақ" десе, екіншісі "құлсың" дер, ал үшіншісі тіпті "дарынсыз" деп қорлар. Егер сондай жағдайға тап болсаңдар, мынаны естеріңде ұстаңдар: өзі ақымақ адам ғана өзгені "ақымақ" көреді; өзі құл болса, басқаларды да "құл" деп ойлайды; дарынсыз адам ғана өзінің өресі жетпеген дүниені өзгенің ақымақтығы деп біледі", - деп үйретіпті. Бұдан алатын ғибрат: адамның парасаты төмен болған сайын, балағаттауы да қатты болмақ!