30.10.2022
  453


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Көргенді қайталайды

 


Ұл-қыз қайда, әкеден қаймығатын?
Абайсызда адасса қайғыратын?
Қуып жүріп, көп жастар ойын-сауық,
Кеудесіне жазып жүр, қайғы хатын.


 


Түскен тағдыр, жоқтық па, от па, сын ба?
Үлгілі жан, жоқ білем, отбасында.
Заманауи ғасырда жаңалық деп,
Некесіз ұл көбейтіп, от басуда.


 


-Әке мысын, балаға, жығып берген,
Аналар бар, ойлары былық белден.
Көкірегі, қит етсе, кербең тартып,
Төркініне қашуды қылық көрген.


 


Айтқаннан соң, ол сөзді , дабыл қағып,
Ұрпағыңнан өшірер, жалын жарық.
Істі шайтан, тіліңді періштелер,
Тұрар екен таласып, қағып алып!


 


Бітпес талап, арада сұрақ та бар,
Екеуінен, сыйластық, жырақталар.
Ел ағасы шағында, өкінумен
-Алдандым деп расында, жылап талар.


 


Екі бөлек, армандап, қыр тұстарын,
Жазбақ болып көңілдің қыртыстарын.
Бақыр еркек көшені, әйел кафе,
Жағалайды дос етіп, мың мыстанын.


 


Осылай үй, жүргенде төңкеріліп,
Қалай болар, ұл-қызда көркем үміт?
Өздерінен тәртіпті бастамаса,
Тамырымен шірітер, өлкені жұт!


 


Қашан шығар, мұндайдан, іш өңделіп?
Бағы жатыр, ұл-қыздың, кісенделіп.
Олар, өмір қайталар, көргенінен,
Мың ақылда тұрса да, күш өң беріп!
Өзің үлгі болғанша жөнделмейді,
Мейлі шыңғыр!
Төбеле!
Күшен келіп!


 





Пікір жазу