Туындылар ✍️
Шын талантқа тәңірі өзі шабыт береді
Талдаубек Әшімхан. Филология ғылымдарының дөктөрі, әдебиеттәнуші. «Қазақ афоризмы» монографиясы мен «Алтын жағалау», «Жанымның жаһұттары» атты әдеби танымдық, сын кітаптарының авторы.
Бұл жазбалар автордың «Жанымның жаһұттары» атты кітабынан алынды.
Шын таланытқа тәңірі өзі шабыт береді
Талдаубек Әшімхан
* * *
Жерде — Төменде тұрғанда айналаңыздағы — Аяқ астыңыздағы шашылып жатқан күл-қоқыстарды анық көре аласыз. Ал ұшақта кетіп бара жатып терезеден қарасаңыз — Бағанағы ұсақ заттардың бірін де байқай алмайсыз. Тек көзіңізге шалынатыны ірі дүниелер, әсем көрінстер ғана. Демек, адам Рухани биіктеген сайын дүние сұлу тарта түседі.
* * *
Сенің өзгеден бір артықшылығың — Нелерді қатырып тұрып істей алатындығыңда емес, қайта белгілі мәселе үстінде нендей жәуәпкершілікті арқалай алатындығыңда болса керек.
* * *
Жақын адамыңызбен ұсақ іс жөнінде сөз таластырмаңыз, көңілге дық түсуі мүмкін, ал, сіз үшін пәлендей маңызы шамалы адамға ауыз ауыртып сөйлеп жатудың тіпті де қажеті жоқ, босқа ішкі энергияңыз бен уақытыңыз сырап болады.
* * *
Өзгелер сіздің болашақта кім болатыныңызды, және қандай ізгі мақсаттардың жолында тырысып келе жатқаныңызды мүлдем білмейді. Егер білсе, олар — Жеке басыңыздың қасиеттерыне емес, дәл осы мезгілдегі жағдайыңызға, қол жеткізген жетістігіңізге қарай баға бермеген болар еді.
* * *
Жалғыздық — Жай ғана айналаңнан бөлектейтін оңашалық па екен? жоқ, меніңше, ол — Адамның ішкі қуатының жетілгендігінің, Рухани өскендігінің белгісі. Рухани кемелдікке көтерілген жандар қалың тобырдан біртіндеп сытылып, даралана береді. Жалғыздық — Ол, кім-кімнің оңай жетер жағалауы емес.
* * *
Жеңілісіке бола ұнжырғаңызды түсірмеңіз, бүгін сүрінсеңіз ертең қайта орныңыздан тұрасыз, және табысқа жете алатыныңызға сеніңіз де іс ыңғайтын тауып орайын тосыңыз. Сен түгіл жапырағын төккен терек те, келесі көктемде өзінің қайтадан көгеріп шығатын сеніммен күтеді емес пе?
* * *
Жек көру У секілді, уыты алдымен өз денеңе жайылады. Соншама зиянды екенін біле тұра неліктен сол батшағарды жанымызға жолатамыз осы.
* * *
Әдебиет дегеніміз — Ар мен таланыттың түйіскен тұсынан туатын ұлы құдырет. Осы екі қасиеті жоқ жандар шын мәніндегі өнерді тудыра алмайды.
* * *
Шын таланытқа тәңірі өзі шабыт береді.
* * *
Өнердің бір аты — Шындық. Дарынды суреткер өмір ақиқатын өнер арқылы көрсете отырып, адамның ішкі әлемін нұрландырады, жанына жылу құяды, құндылықты — Бақытты сезіндіреді.
* * *
«Ішінде дәні жоқ жаңғақ шағылғанда ұятқа қалады», — Дейді сағиди.
* * *
Кімде-кім ғылым жолына берік сеніммен шындап түссе, оған тірліктің жай бұлталаңдары бөгет бола алмайды. Оның алдында заттық дүниенің соқыржармақтық та құны жоқ.
* * *
Байлық — Қонақ. Ол үйіме келсе кіргіземін, бірақ жүрегімнің төріне шығармаймын.
* * *
Ұры-қары қаптаған қоғамда, адалдық ұясын қол жетпес құзарға салады.
* * *
Біз шындықтан гөрі көбірек миыфтер әлемінде өмір сүреміз, және адамдарды ылғи сорға итеретін, құзға құлататын тәңір — Иенің мәңгілік сырлы құдыреттері емес, қоғам қолымен жасалынған жасанды мифтер.
* * *
Заң — Құстарды қамап ұстайтын тор емес, торға ұқсатып немесе айналдырып алу — Аса қорқынышты жағдайға әкеліп тірейді. Тордағы құс пен еркін аспан жайлаған құстың өмірін көз алдыңызға елестетіп көріңізші! әр екеуінде қандай көңіл-күй, психология өмір сұруы мүмкін деп ойлайсыз? міне, гәп осында.
* * *
Мемлекеттің, қоғамның бейбіт, тыныш өмір сұруы үшін үйлесімді еркіндік берілуі қажет. Себебі, адамдардың еркіндігімен санаспаған қоғам сол адамдар жағынан түбінде Қирайды.
* * *
Ғасырлады аралап кете баратын шығарма емес, ұлы идеялар. Өйткені, қанша жерден көркем, шебер, шешен жазылғанымен ұлы идеяларға ұласпаған туынды мәңгілік мәтінге айнала алмайды.
* * *
Бір елдің әкімі өлсе, қызметін келесісі жалғастырады. Ал ақыны өлсе, оның орнын кім баса алар? өнер мен жай шаруашылықтың парқы деген міне — Осы.
* * *
Күрескер бола алмаған адам суреткер бола алмайды.
* * *
Теория — Ғылымның (өнердің де) ілгерлеуі үшін керекті баспалдақ. Ол — Бізді өнер мен ғылымның беймәлім тұстарын терең түсінуге, және зерттеп білуге жетекшілік етеді.
* * *
Ғылым (өнер) — Тәуелсіз болғанда ғана ғылымдық (өнерлік) қасиетін жоймайды. Алайда, өкініштісі, ғылым саласының өз заңдылығымен дамуына мүмкіндік берілмейді де, ылғи саяси-идеялогия «Басып кіріп» оның қалыпты өмір сүруіне, серпінді амуына тосалқылық жасайды.
* * *
Трагедия қашанда бізді айналып жүреді. Оның сағаты кез келген уақытта соғуы мүмкін ғой. . .
* * *