25.10.2022
  510


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Өкініш

 


Ерме болдым, жанымды тыңдамадым,
Ащы сумен арымды былғап алдым.
Жігер барда, жайратып, жан-жағымды,
Жігерсіз боп, жапанда жұлмаландым.



Жігіт едім, секілді қыр арланы,
Тату едім туыспен, бір арналы.
Біртін келе, табыстым бұл пәлемен,
Емес еді, әкемнің бұл арманы.


 


Алла байлық, мол етіп, бергесін бек,
Көмек сұрап, бауырым келмесін деп,
Мәжбүр болып, жегіліп, жаптым есік,
Арба сынып өгізім өлмесін деп.


 


Дос дегенім, кәсіптің шырқын бұзып,
Кетті бәрі күнімнен, күлкімді үзіп.
Сенгеніме өкінем қабырғама,
Ол, не деген, апыр-ау…, сұрқы бұзық?!


 


Қадірсізбін, дос-жаран, балаларға,
Туыс-жекжат, жеткенмін алаларға!
Құрығына түсіріп, бұл қара құз,
Жан салмайды, жанымды табаларға.


 


Есті жидым.
Түсіндім.
Бара-бара!
Сыйластықтан, асатын баға барма?
…бастан- деген, атамда, сөз бар еді?
Өксігенмен өткенге, шара барма..?!


 


Соқыр болма, жігіттер, бал шағыңда,
Құбылса да, жағдайың әр сарынға.
Өміріңді, өзгеге билеттіріп,
Сыймай жүрме, мен құсап, жер шарынға!


 





Пікір жазу