Людвик Витгенштейннің философиялық толғаныстары
Қытайшадан аударған: Талдаубек Әшімхан
Лиюдвик витгенштейн (Ludwig Wittgenstein 1889 — 1951), Австыраляда туылған. Кембриж университетін бітірген. Тіл философиясының негізін салушы, 20-ғасырдағы ең ықпалды философтардың бірі болған. «Философиялық зерттеулер», «Логикалық философия» және басқа да көптеген кітаптардың авторы.
Тіл шегі — Дүниенің шегі.
* * *
Философияның қолынан келетін барлық ісі — Табынудан арылтыу.
* * *
Біреуге түсінбейтін нәрсесі жайында айту босқа әрәмтер болғандық. Оған айттың не, айтпадың не, бәрібір ұқпайтын бас ұқпайды.
* * *
Айтсаң анығын айт, әйтпесе, аузыңды жап.
* * *
Егер біреудің шынайы сүйспеншілігіне бөленген болсаңыз, онда бұл алқауға татырлық нәрсе. Алайда, сіз оны сатып аламын деп ойласаңыз, онда бергеніңіз өте үлкен бодауға айналғаны.
* * *
Адам өмірінің өзекті мәні — Ойлана білу.
* * *
Адам өз түйсігіне сенбеуіне болады, бірақ, ілкі сенім мен Ұстанымынан уаз кешуіне болмайды.
* * *
Дүние заттардың құрандысы емес, фактілердің жинтығы.
* * *
Өмірдің қиындығын жеңе алмауыңыз сіздің тұрмыс дағдыңыздың үйлесімді болмағандығынан дерек береді. Сондықтан сөзсіз түрде оны озгертіңіз. Сонда ғана мәселелер өздігінен-ақ біртіндеп шешім табатын болады.
* * *
Тым көп білетін адамға өтірік айтпау қиынға соғады.
* * *
Тілды елестету — Өмір сүру формасын елестету деген сөз.
* * *
Өзіңді алдамаудан қиын ештеңе жоқ.
* * *
Дене еңбегі дегеніміз рухты құтқару.
* * *
Әдемі нәрсенің бәрі көркем болуы екіталай.
* * *
Өзгенің ішкі жан қатпарына жасырынған дүниемен ойнамаңыз.
* * *
Байқұсты байқұс қана шын аяиды.
* * *
Біздің ең үлкен ақымақтығымыз мүмкін ақылды болу үшін шығар.
* * *
Талант батылдыққа сүйеніп іске асырылатын қабылет.
* * *
Тәубе қылу — Міндетті түрде алдағы өміріңнің жаңа парағына айналуға тиіс.