Кей аналар
Кей ананың ойының тұрағы не?
Күйеу бала жылатып жүр әлі де.
Оңашада, қызына бөлін дейді,
Айла жасап, қалайда жыла жүде…
Жан-жал жасап,нан пісер кеудесінде,
-Жақсы болса, ешкімде келмес үнге..
-дейді ана, ақылгөй, дана болып,
Өзге пиғыл, жанының бөлмесінде!
Сан олжаны оп-оңай, келтірем деп,
Астауына, жүргенде жем түгендеп,
Әлі кетіп, айрылып денсаулықтан,
Берекесіз күніне, ентігер кеп!
Ауырудың түссе де, апанына,
Сезбес Құдай, алғанын қаһарына!
Жатып алып, жұлмалар тағы қызын,
Жіберме деп, ақыңды жаһаныңа.
Күн сәулесін қызғанған, бүлікті елден,
Қызы боп тұр, шіріктен, іріп келген.
Керісінше момын ел, күйеу жұртқа,
Бақ-береке, заңғардай күліп келген!
Жақсы ана жолдайды, асыл мұрат,
-Барған жердің жүр қалқам басын құрап.
,,Ішке сыйған, сыртыма сияды”-деп,
Құдалардың жүрмейді жасын бұлап!
Жақсы ана үйретер иілуге,
Үй тірлігін ұршықтай иіруге.
Дейді тағы, -барыңды бағаласаң,
Жол ашасың Аллаға, сүйіну ге…
Міне мұндай, ананың, ұл-қызының,
Тұлғалықтан түспейді, күйі мүлде!
Гулсим Сатыбалды