20.10.2022
  364


Автор: Марғұлан Қуат

УА, ХАЛАЙЫҚ, УАЙЫМДАМА!

Уа, халайық, соғыс деп уайымдама,


Өсірді көп ұланды вайн қала.


Елімізде клавиштік батырлар көп,


Сақадай сай пікірде дайындала.


 


Уа, халайық, қызыңа уайымдама,


Ойлайды бақыт кілті жайында ана.


Қыздарың бұ(л) заманда аңғал емес,


Арасынан таңдайды байын ғана.


 


Уа, халайық, дертіңе уайымдама,


Ойлайсың денсаулықтың жайын ғана.


Оқымаған дәрігер көрге тығар,


Еске түсір, кәлимәң ойыңда ма?


 


Уа, халайық, жеріңе уайымдама,


“Бос жатыр сонша жер”, - деп пайымдама.


Халықты пәтерінен қуып шыққан,


Кезіп кетер жақында сайын дала.





Пікір жазу