20.10.2022
  930


Автор: Арман Тосқанбаев

"Есекпен сөйлеспе!" деген астарлы әңгіме.

 


Бірде есек жолбарысқа:
- "Шөптің түсі көк", - дейді.


Жолбарыс оған:
- "Жоқ, шөп жасыл түсті", - деп жауап береді.


Екеуі сөз таластырып, әділдік іздеп, орман патшасы арыстанға келеді. Тағында отырған арыстанға жете бергенде, есек:


- "Уа, хан ием, шөптің түсі көк қой, иә?", - деп айқайлай бастайды.


Арыстан:
- "Иә, солай, шөптің түсі көк", - дейді.


Есек қуанып:
- "Жолбарыс менімен келіспей, сөз таластырып жатыр, оның жақсылап жазасын беріңізші", - дейді.


Аңдардың патшасы:
- "Жолбарысқа 5 жыл сөйлемеу керек деген жаза кесілсін!", - деп хабарлайды.


Есек қуанышы қойнына сыймай, асыр салып:
- "Шөп көк...", - деп қайталай түседі.


Жазасын қабыл алған жолбарыс арыстаннан:
- "Уа, хан ием, мені не үшін жазаладыңыз? Шөптің түсі жасыл ғой", - дейді.


Арыстан:
- "Иә, рас, шөптің түсі жасыл", - дейді.


Сонда жолбарыс:
- "Онда мені неге жазаладыңыз?", - деп таң қалады.


Арыстан:
- "Мұның шөптің түсіне еш қатысы жоқ. Мен сені осындай батыл әрі ақылды аң бола тұра, ақымақпен сөз таластырып, қаншама уақытыңды кетіріп, оған қоса, осындай түкке тұрғысыз мәселемен менің алдыма келгенің үшін жазаладым", - дейді.


Ең өкінішті нәрсе — шындық та, мәселенің дұрыс-бұрыстығы да емес, жеке басының "жеңісі" мен сөзінің "дұрыстығы" ғана толғандыратын ақымақ адаммен сөз таластыруға кеткен уақыт. Адамның күлкісін келтіретін, ақылға қонымсыз дүниеге бола ешқашан сөз таластырмаңыз... Кейбір адамдар қанша дәлел мен тиісті жазасын алса да, аузына келгенін айтып, адамның намысына тиіп, бет бақтырмайды. Олардың жалғыз мақсаты — шындыққа жанаспаса да, өз айтқандары "дұрыс" екенін дәлелдеу.


Надандық үстемдік еткен жерде ақылдың үні шықпас.





Пікір жазу