20.10.2022
  788


Автор: Ержанов Алмат

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР – БАТЫР АҒАЛАР

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР – БАТЫР АҒАЛАР


 


Қатерге тігер басын да,


Жүрегі толы жасынға.


Өрт сөндіруші ағалар,


Батыр ғой нағыз расында.


 


Күн-түн демей келетін,


Мұқтажға көмек беретін.


Көзіңді ашып-жұмғанша


Шапқан аттай желетін.


 


Өртіңді де өшіріп,


Қауіпті жерден көшіріп.


Халық үшін от кешер,


Қалмайды олар тосылып.


 


Ержүрек, батыр ағалар,


Қызметі биік саналар.


Елің әркез өзіңнің


Еңбегіңді бағалар.


 


Асылмұрат ӘСЕМҒАЗЫ,


№7 орта мектептің


7 «А»  «Жас өрт сөндіруші»


 кадет сыныбының оқушысы





Пікір жазу