ҚҰТҚАРУШЫ — ЖЕБЕУШІ ПЕРІШТЕЛЕР
ҚҰТҚАРУШЫ — ЖЕБЕУШІ ПЕРІШТЕЛЕР
Бөлімшеде дабыл үні безектеп,
Шырыл қақты, көмекке асық, тездет деп.
Құтқарушы апыл-ғұпыл киініп,
Сақадай сай тұра қалды тез ептеп.
Сол мезетте қақпа айқара ашылып,
Қызыл көлік буырқанып, тасынып
Сирена ойнап, жолға шықты әп-сәтте,
Бір өмірді құтқаруға асығып.
Алда қауіп күтіп тұр деп қорықпай,
Өзім ажал құшам-ау деп торықпай...
Ел-жұрты үшін от пен суға түседі,
Көңіл құсы қияларға шарықтай.
Өрт сөндіргіш, құтқарушы мамандар,
Жебеуші бір періштеге балаңдар.
Қарлығаштай қанатынан су сеуіп,
Әр адамның тағдырына алаңдар!
Құтқарушы— мамандық қой ерекше,
Ерліктерін парасатпен сен екше.
Өзге жанды құтқарудың жолында
Өз өмірін құрбан қылар керек-се.
Жетсе егер апат, өрттің дерегі,
Көліктері жараулы аттай желеді.
Қауіп төнсе, хабарлассаң 101-ге,
Құтқарушы құстай ұшып келеді.
Алмат ЕРЖАНОВ,
№7 орта мектептің
«Жас өрт сөндіруші»
кадет сыныбының әскери жетекшісі