20.10.2022
1306
ӨРТ СӨНДІРУШІ
ӨРТ СӨНДІРУШІ
Күресіп, тілсіз жауды құрықтаған,
Тұрсын деп ізгілікке тұнып ғалам.
Сөндірген алау өртті батыр аға,
Мен сенің ерлігіңді ұлықтағам.
Болсын деп өрттен аман жайсаң далам,
Жалынға қарсы тұрған, тайсалмаған.
Әйтсе де ерліктерін бұлдамайтын,
Өр рухты қарапайым байсалды адам.
Түсінем, қиын сенің мамандығың,
арналсын, батыр ұлан, саған жырым.
Өзгені қорғау үшін отқа түскен,
Түсірер, айтшы, кәне, бағаңды кім?
Өртенсе қора-қопсы, баспана да,
Өрт сөндіру қызметін рас бағала.
Аянбай халық үшін еңбек еткен,
Әр ісі ерлік үлгі жас балаға.
Әп-сәтте жалынды да тақымдады,
Жүректі, білекті һәм батыл бәрі.
Елеусіз жүрсе-дағы ел ішінде,
Осылар бейбіт күннің батырлары.
Алмат ЕРЖАНОВ,
№7 орта мектептің
«Жас өрт сөндіруші»
кадет сыныбының әскери жетекшісі