19.10.2022
551
XXI-ДІҢ ӨНІМІ
К*тін ашып, сурет салып, өзін блогер санайтын,
Аңқау жұртты жинап алып, розыгрыштан қа(л)майтын,
Яки, инста "маңдайына" SMM деп жазып ап,
Көрінеді, кәсібидей жыртығыңды жамайтын.
Тик-токтарың жинап жатыр лайк қосылған зинадан,
Инстаграмның сәні болды дәм татқаның винодан.
Жұма менен оразада бұл желіде мұсылман,
Ал бастағы тауық миды statistic қинаған.
Көретінің нәжісконтент - жұлдызсымақ өмірі,
Жезөкшедей сатылатын вайнерлердің өнімі.
Данасымақ курс өткізер ақылгөйлер тағы бар,
Стористе дұға етер, болса біреу өлімі.
Еріккендер "сұрақ қой" деп ермек етер сұрауды,
Назар жетпей, әдет қылар "историяда" жылауды.
Көркем сөз бен әдебиетті тиек етпек түгілі,
Күнделікті қинап жүрген қаріп пенен шылауды.