19.10.2022
  239


Автор: Марғұлан Қуат

ЖҰМАҚТАҒЫ ЖҮЗІНШІ КҮН

Бұл Батихан, жүзінші күн міне бүгін жұмақта,


Әр күн сайын қызық көріп, ойнақ салған құрақта.


Хор қыздардан көзін алмай, әр жемісті бір татып,


Арлы-берлі ұшып жүрді қос қанатты құла атта.


 


Жету жеңіл болған емес, шыдап берді сынаққа,


Періштелер қабірінде әбден алды сұраққа,


Машһар күні оң жағынан амал кітап алып-ап,


Бүгін міне, мас боп отыр шарап аққан бұлақта.


 


Жүз күн бойы шексіз жәннат, арлы-берлі сандалды,


Айналада таныс бейне көрінбейді, аңғарды.


Дос-жаранын, кластасын бұл мекеннен таба алмай,


Тіпті туған ағасының жоқтығынан арланды.


 


Тау бөктерге көз жүгіртсе шешендер жүр мыңдаған,


Сәлсәбілде түріктер жүр имандарын шыңдаған.


"Неге бұлай?" деген оймен өткеніне оралса,


Жалғыз өзі екен сонда Смановты тыңдаған.


 


Көкейдегі көкейтесті өзге ойлары қысты кеп,


Алла алдына сұранады, уайым басты мысты деп:


-Уа, Құдайым жәһаннамға бір аптаға жіберші,


Достарымның бәрі сонда, мұнда ішім пысты деп...





Пікір жазу