19.10.2022
  313


Автор: Әсел Сыздықова

Міржақып Дулатұлына арнау

Сан тұман тұмшалаған санамызды,
Кер заман бола алмайды маған ізгі.
Өйткені алып тынды өлім деген,
Міржақып Дулатовтай бабамызды.

Ақын еді жазушы теңдесі жоқ,
Қалам тартқан құлашын кеңге сілтеп.
Көркем сөздің шеберін қудалаған,
Зар заман енді қайтып келмесін тек.

Ақылды едің,көзі ашық,қайратты едің,
Бүгін болсаң,қорғар ед(і) байрақты елім.
Ұлтың үшін күрестің мыңмен жалғыз,
Сондықтан да ардақтысың,қайраткерім.

Әділдіктің салам деп құтты өрнегін,
Сеземін тым ауыр іс жүктелгенін.
Қатыгез мінезінен секем алып,
Отарлау саясатын құп көрмедің.

Сондықтан пайда көрмей жұмыр басты,
Шақырдың топтасуға кәрі-жасты,
Тарих куә-деп ұран салғаныңа,
"Көзіңді аш,оян қазақ, көтер басты"

Сізді тек ақын ед(і) деп ұғу-күнә,
Мәңгі парыз өткеніңді білу сірә.
Ахмет Байтұрсынмен атсалыстың,
"Қазақ" атты газеттің шығуына

Сіз -ақынсыз,ойы биік ,жыры-сұңғақ,
Саяси сауаттысыз сыры жұмбақ.
Әдебиет саласында ұрпақ үшін,
Өшпес мұра қалдырдыңыз құны қымбат.

Мир Якубым,Міржақыбым -нар тұлғам,
Еріп келер ұлтың қазақ артыңнан.
72 азаматпен қамалған,
Бойыңдағы неткен сенің ар тұңған.

Алашымның арқауы бір өзіңсің,
Сенбегендер сене білсін сөзім шын.
Қалғанша қасық қаның елің үшін,
Аянбай ұрандатқан олда   өзіңсің

Ұлтым деп ұрандатқан текті ерім,
Кер заман оралмасын деп тіледім.
Қостанай өңірінің даңқты ұлын,
Алашқа ортақ "Арысым" деп білемін.

Сыздықова Әсел Қанатқызы





Пікір жазу