Мәңгілік ел-ертеңім
Балқан тауға дейін біз барған елміз,
Тасқа да қашап таңба салған елміз.
Алтай мен Атырауды ен жайлаған,
Кең даламдай мінезді дархан кеңбіз.
Табиғатпен тел өскен кең далада,
Бар ма халық қазақтай бұл ғаламда?
Жыланды да өлтірмей ақ құятын,
Қазақты дана десем жөн бола ма?
Салтым бар дариядай сарқылмайтын,
Нұрымен Исламның жарқырайтын.
Заманға сай келетін дәстүрім бар,
Көз сүрініп, жауһардай жалтырайтын.
Айтысым бар жаңарған саф алтындай,
Күллі әлем таңдайларын қағатындай.
Ас та төк тойым да бар берекелі,
Жоқ-жітік содан демеу табатындай.
Отыз күн оразам бар бәтуәлі,
Имансызды иманға шақырады.
Қазақтың өзіне тән қалжыңы да,
Қыран-топан күлкіге батырады .
Ән-күйге әр қазақтың жаны құмар,
Өлең десе шоқтай боп жанып тұрар,
Ақынжанды бұл халық сөз ұғатын,
Сөзге жүйрік шетінен дарындылар.
Сатқындыққа жаны қас батыр халық,
Өткенге енді ғана жақындадық
Сақ пен ғұн,Алтын Орда жалғасы деп,
Қазақты барша әлем жатыр танып.
Мәңгілікке көз түзеп Қазақ елі,
Бабалар салған жолын табады деп,
Күш-қуат мәңгілікке мұқылмайтын,
Ұлы дала біздерге сана берді.
Сол сана мәңгілікке жеткізеді,
Өткенді ой сүзгіден өткізеді.
Мәңгіліктің жолына салып берген,
Ұмытпайық тұлғалы тектілерді.
Сыздықова Әсел Қанатқызы