19.10.2022
  494


Автор: Әсел Сыздықова

Орталық Азиядағы фактчекингтің басты проблемалары

      Фактчекинг – журналистикадағы белгілі бірмәселелердің шешімі ретінде пайда болғанын білеміз. Алайда бұқаралық ақпарат құралдарының қай саласында болмасын әркез өзіндік түйіткілдердің болуы заңды. Дәл сол сынды бүгінгі журналистика мен фактчектің де нәтижелі де жылдам жұмысына кедергі келтіретін бірқатар факторлар бар.


       Журналистика факт, дәлел, шынайылық, жылдамдық, бейтараптық деген принциптерге сүйенеді. Оның негізгі мақсаты – ақпарат. Ал, фактчекинг, өз саласына сәйкесінше, тексеру, анықтау, талдау, көз жеткізу, саралауды басты назарға ала отырып, таралған фейктің ақ-қарасын ажыратып, шынайы фактіні шешім арқылы беуді көздейді.


        Қазіргі таңда аталған процестерге кедергі келтіріп отырған ең ірі феномен – постжурналистика. Ақпараттық-технологиялық заманда, техниканың да, ақпараттың да аса көп болуы ақпараттың құнсыздануына әкеліп соғуда. Тіпті, жалаң факттің өзіне назар салып, мазмұнына бойлайтын адамдар өте аз. Және әлемдегі аса ірі үрдістер фонында тұрған күнделікті ақпараттар тасада елеусіз қалып қояды. Сол сынды фактчекингте де алдымен аты жария жұртқа жар салынып, тез тараған даулы фейктердің таралып, қоғамдық санаға бекіп қалғандығы сондай, артынша талданып, верификацияланған шынайы мәлімет әлгі ағынның жанында теңіз тамшысындай ғана болып қалуы ғажап емес. Яғни, ақпараттың көптігі және оның таралу жылдамдығы сонша, журналист те, қоғам да аса мұқият болмаса ағат басуы ықтимал.


      Әсіресе, Орталық Азияда халықтың фейк ақпараттарға иммунитеті жоқ. Әрине, кесіп айтпаймыз, алайда салыстырмалы түрде қарасақ бұл сөзіміздің жаны бар. 


 


Сыздықова Әсел Қанатқызы





Пікір жазу